Ханкөлдегі қыздың "аруағы": Полиция тексерістің алғашқы нәтижесін жариялады
Ханкөлдегі қыздың "аруағы": Полиция тексерістің алғашқы нәтижесін жариялады
108
оқылды

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті жұртты шошытқан қыздың аруағына қатысты өңір әкімінің тапсырмасын орындайтындарын хабарлады.

Жақында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында қыздың аруағы пайда болғаны туралы ақпаратты құзыретті органдар тексеретінін айтқан болатын.

"Қаратөбе ауданының учаскелік полиция қызметкерлері Ханкөл ауылы маңында қыздың аруағын көрген адамдардан түсініктеме алады. Қазір біз интернетте жарияланған видеоны тексеріп жатырмыз", - деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Желіде атақты "Охотники за привидениями" фильмі музыкасының арғағымен кетіп бара жатқан полиция көліктерінің видеоролигі пайда болды. Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде бірнеше күн бойы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында шашы ашық түсті қыздың аруағы пайда болғаны туралы мәлімет тарағанын жазған болатынбыз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ЗКО ONLINE (@zkoonline)