Шопанның вагонынан есірткі, қару-жарақ пен қарақұйрықтың еті табылды
Шопанның вагонынан есірткі, қару-жарақ пен қарақұйрықтың еті табылды

Жамбылда шопанның вагонынан есірткі, қару-жарақпен қоса Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының еті табылды.

Тарқатып айтсақ, «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының құмға жақын маңдағы мал жайылымы аумағында 34 жастағы қойшының кішкене вагонынан жалпы салмағы 1 келі 310 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылды. Сонымен қатар вагоннан 1 ойық қару, 5 тіркелмеген аңшы мылтығы, 56 аңшылық патрон, сондай-ақ республикамыздың аумағында аулауға тыйым салынған қарақұйрық жануарының ұшасы мен басы тәркіленді. Шопан Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 4-бөлімінің 296-бабы (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және ҚР ҚК 4-бөлімінің 337-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр. Енді күдікті есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға дейін, заңсыз аң аулағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы