Сбербанк білімге жол ашады
Сбербанк білімге жол ашады
227
оқылды

Иманбектер отбасы Қытайдан қоныс аударған. Ерлі-зайыпты Ислам мен Шолпан төрт бала тәрбиелеп отыр. Оларды мектепке орналастыру ата-ана үшін өзекті мәселе. Сондықтан Иманбектер отбасымен бірге, жалпы мұнайлылықтар үшін Атамекен ауылында заманауи стандарттарға сай жаңа Smart Ilim мектебінің ашылуы үлкен сый болды. Оның үстіне білім ошағында оқу тегін.

«Балаларымыздың ғылым жолын осындай керемет оқу орнынан бастауға мүмкіндік алғанына өте бақыттымыз. Мектепте алған білім олардың әрі қарайғы оқудағы және қызметтегі жетістігіне негіз болады», – дейді Шолпан.

Жалпы ауданы 3235 шаршы метрді құрайтын мектеп-гимназия 3 қабаттан тұрады. Онда 55 ұстаз және 15 техникалық маман жұмыс істейді. Оқу орнында балалардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған - сыныптар қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған, компьютерлік және лингвистикалық кабинеттер, спорт зал, музыкалық зал, медициналық кабинет және т.б. бар. 

Мектеп 525 балаға арналған, яғни күніне 1050 оқушы оқиды.    width= Оқу орнының құрлысын «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ қаржыландырды.

«Бұл жоба аудан үшін орасан зор маңызға ие, сол себепті қатысқанымызға қуаныштымыз. Сонымен бірге, оқу орнының құрылысын қаржыландыру, біздің шағын және орта бизнес субъектілерін бүкіләлемдік қолдау стратегиямызға жауап береді. Мұндай көмек қазіргідей экономикалық қиын кезеңде өте маңызды», - дейді  «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының орынбасары  Александр Титов. 

«Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. 01.10.2020 жылғы мәліметтерге сәйкес, активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орын алды. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 100 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сі – филиал. Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.