Көктайғақ, бұрқасын, тұман
Көктайғақ, бұрқасын, тұман

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазгидромет бірнеше өңірде ескерту жариялады.

9 қараша күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

9 қараша Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа және шығысқа ауысады. Жел жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Көкшетау қаласында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа және шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.