Елімізде екі аптада 95 адам жол апатынан көз жұмған. Бұл туралы ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру туралы өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты.
"Қараша айының басынан бері елімізде 406 жол-көлік апаты болды. Соның салдарынан 95 адам қаза болып, 472 адам жарақаттанған. 3 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тек көліктерге қатысты болған. Осы орайда, жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеріп, қысқа дайындығын тексеруге шақырамыз. Жазғы шиналарды қысқыға ауыстыру керек. Қыста жазғы шинамен жүрген жүргізушілерге 5 АЕК айыппұл салынады", - деді ол.Серік Түсіповтың айтуынша, енді көлікті тіркеу үшін ХКҚО-ға барудың қажеті жоқ. «Электрондық үкімет» порталында көлікті тіркеуге болады.