Үш жылда еліміз медициналық кадрлармен 100 пайыз қамтылады - Бердібек Сапарбаев
Үш жылда еліміз медициналық кадрлармен 100 пайыз қамтылады - Бердібек Сапарбаев
5,160
оқылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесіп, қойылған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобымен кездесуге Павлодар облысының білім, мәдениет, спорт, денсаулық салаларының, бизнес, кәсіподақ, азаматтық қауымдастық, діни конфессиялардың өкілдері қатысты.

Ленин кентінде орналасқан мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын «Қамқор» қоғамдық бірлестігінің директоры Салтанат Сәрсенбаева ауылдық жерлерде медициналық кадр жетіспейтінін айтты.

– Ауылдық жерлерде медициналық кадрлар жетіспейтіні рас. Бүгінде елімізде бұндай кадр қажеттілігі 5 мыңға жуықтайды. Біздің 8 медициналық университетіміз жыл сайын орташа есеппен 3,5 мың түлек шығарады. Өткен жылдан бастап жаңа заң шықты. Оған сәйкес, түлектерге 3 жыл медициналық ұйымдарда жұмыс жасау міндеттелді. Яғни, 3 жылда біз республиканы 100 пайыз медициналық кадрмен қамтуымыз керек. Басқа мәселе – кадрды ұстап қалу. Оларға жағдай жасауымыз керек. Екібастұздағы сияқты келгенде тұратын жері, дұрыс жұмысы болуы керек. Дұрыс жағдай жасалмаса кетіп қалады. Сондықтан медициналық кадрлармен мәселе болмайды. Біздің оқу орындарымыз қажетті кадрлар дайындайды, – деді Бердібек Сапарбаев.