ДДСҰ ақпаратына сәйкес, елдерде қабылданған шараларға байланысты коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың төрт негізгі сценарийі бар. Сонымен қатар, Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурде, Жаңа Зеландияда және Израильде індет бақылауға алынды. Бұл туралы Мемлекет басшысының алдында сөз сөйлеген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал соңғы екі айда оптимистік болжамға сәйкес өтуде, яғни шектеудің нәтижесінде пессимистік болжам орындалған жоқ. Бұл потенциалды қатаң карантинді бір айға шегеруге мүмкіндік берді», - деді А. Цой.Министрлік елдегі және әрбір өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді, медициналық ұйымдар коронавирус инфекциясының екінші толқынына қарсы шаралар қабылдауда. Жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар өз тиімділігін көрсетті және Министрлік жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мүдделі саламен бірлесіп, медициналық көмек пен дәрі-дәрмек көлемін жоспарлауда бар күш-жігерін салуда. А. Цой атап өткендей, барлық сектордың – орталық мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган, «Атамекен» ҰКП-ның, бизнес қоғамдастықтың КВИ-дің таралуын тежеу бойынша бірлесе атқарған жұмысы Қазақстанда эпидемиялық жағдайдың оптимистік сценарийінің сақталуына мүмкіндік береді.