Сыр өңірінен 20 делегат сайланды

Сыр өңірінен 20 делегат сайланды

Қызылордада «Nur Otan» па­р­тиясы облыстық филиа­лы­ның кезектен тыс XXVIІ кон­­ференциясы өтті. 120-дан астам партиялас бас қос­­қан алқалы жиында пар­тия­­ның Қызылорда облысы бойын­ша сайлауалды бағ­дар­ламасы мен облыстық мәс­­лихат депутаттығына үміт­­керлердің партиялық ті­зі­мі бекітілді.

Жиында сондай-ақ Пар­ла­мент Мәжілісіне үміткерлер ара­сын­да пікірсайыс ұйымдас­тыры­лып, қатысушы делегаттар таңдау жасады. Облыстық филиалдың Сая­си кеңес құрамына өзгерістер ен­гізіліп, өңірден партияның ХХ съе­зіне қатысатын 20 делегат сай­ланды. Конференцияға төрағалық ет­кен облыстық партия филиа­лы­ның төрағасы, облыс әкімі  Гүл­шара Әбдіқалықова күн тәр­тібіне сәйкес бірінші болып бек­тілген сайлауалды бағдарламаның маңызын атап өтті. Жеті негізгі бағытты қам­ты­ған сайлауалды бағдарлама – пар­тия қызметінің алдағы мақ­сат-міндеттерін белгілеп, олар­дан күтілетін нәтижені айқын­дай­тын құжат. Бағдарлама жоба­сы праймериз кезінде ресми сайт­та жарияланып, 1 жарым ай кө­лемінде ашық талқыланды. Тал­қылау барысында тұрғын­дар­дан мыңға жуық ұсыныс түсіп, олардың 83 пайызы бағдарламаға ен­гізілді, – деді Гүлшара Әбді­қа­лықова. Отырыста ең жоғары рей­тин­гісі бар праймеризге қатысу­шы­лар қатарынан Қызылорда об­лыс­тық мәслихатына 53 кан­ди­даттан тұратын партиялық тізім түзілді. Ондағы әйел азаматтар­дың саны 3 есе артқан. 35 жасқа дейін­гі жастардың үлесі 0-ден 15 пайыз­ға жетіп отыр. Үміткерлер­дің орташа жасы 8 жасқа төмен­деген. Ал қызметтегі депутаттар­дың 12-сі ғана жаңа тізімге енгі­зіл­ген. Конференция барысында Мә­жілістегі партиялық тізімге үміт­керлер арасында пікірсайыс өтті. 11 үміткердің ішінен партия­лық­тар «Праймериз» ақпараттық жүйе­сі арқылы өңірдің өкілдік квотасына сәйкес 3 үміткерді таң­дады. Көп дауыс жинағандар қа­тарында Мәжілістің қызметтегі де­путаты Балайым Кесебаева, «Байқоңыр» ӘКК басшысы  Ғалым Әмі­реев, жеке сектор өкілі Аида Әби­буллаевалар бар. Олар Мә­жі­лістің партиялық тізіміне ен­гізілуі үшін съезге ұсынылатын бол­ды. Жиын соңында басқа жұ­мысқа ауысуына байланысты «Nur Otan» партиясы Қызылорда об­лыс­тық филиалы Саяси кеңес құра­мынан Ақмарал Әлназарова, Сұлтан Мақашов және Талғат Тілестер шығарылып, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық фи­лиалы төрағасының бірінші орын­басары Ләйлә Төрешова, «Nur Otan» партиясы Сырдария ау­­дандық филиалының төрағасы, ау­дан әкімі Талғат Дүйсебаев жә­не «Jas Otan» Жастар қанаты Қы­­зыл­орда облыстық филиа­лы­ның төра­ғасы Әлшер Қардашов ен­гізілді. Конференция жұмысына Арал, Қазалы және Жаңақорған ау­дандық филиалдарынан сай­лан­ған делегаттар бейнебай­ла­ныс жүйесі арқылы қатысты.

А.ЖАСАНҰЛЫ