Жетістіктің кепілі – еңбек
Жетістіктің кепілі – еңбек
123
оқылды

«Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері Jas Otan Cases алаңы­ның қонақтарымен «Жас көшбасшыларға арналған Пар­ла­мент моделі» тақырыбында жиын өткізді.

Карантин шараларына байла­ныс­ты кездесу онлайн форматта өтті. Қазақстан бойынша 150-ден ас­там адам бас қосты. Кез­десу­дің бас­ты қонақтары Парламент Се­наты бас­шысының орынбасары Мак­сим Споткай мен режиссер, «Қа­­­зақ­стан­ның 100 жаңа есімі» жо­басының жеңімпазы Айдие Ай­дар­беков тәжі­ри­белерімен бөлісіп, оты­рысқа қа­тысушылардың сұрақ­тарына жауап берді. Максим өз сөзінде студент кезі­нен университет өміріне белсенді ара­ласып, кейін Jas Otan Жастар қа­натының мүшесі болғанын атап өтті. Ол сондай-ақ Сенаттың қызметі ту­ралы сұрақтарға да жауап беріп, жас­тарды еліміздің қоғамдық-саяси өмі­ріне қатысуға шақырды. – Кез келген жетістіктің кепілі – күнделікті еңбек. Жастар еліне  пай­да­лы ісімен өз үлесін қосуы керек. Көш­басшылық қасиеттер адамның өмі­рінде үлкен рөл атқарады және мақ­сатқа жетуге көп көмектеседі. Өйт­кені қоғамдық жұмыс ең алды­мен, өсу және дамуға бастайды, – де­ді Максим Споткай. Праймериз қатысушысы, New York Film Academy түлегі Айдие Ай­дар­беков партия ішіндегі сайлауға қа­тыс­қанын айтып,  тәжірибесімен бө­лісті. – Мен үшін бұл жаңа қадам­дар­дың бірі болды. Кейс шешімдері, сөй­леу және ашық пікірталас тәжі­ри­бесі ерекше есте қалды. Мен жас­тардың назарын Soft skils-ке ау­дару­ды мақсат тұттым. Дәл осы қасиеттер өміріңізде шешуші рөл атқара алады және сіздің әлеуетіңізді жүзеге асы­руға көмектеседі, – деді ол. Кездесу соңында қатысушылар спи­керлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Отырыстың бас­ты кейіпкерлері жастарға алғысын айтып, аталған кездесулердің маңы­зын ерекше атап өтті.

 А.ЖАСАНҰЛЫ