Қостанай тұрғыны танысынан қарыз ақшасын ала алмағанына ашуланып, оның әйелін пышақтап тастаған. Тапа-тал түсте, көше бойындағы қаннен қаперсіз тұрған әйелді пышақтаған күдікті ұсталды.
Жол шетінде алаңсыз тұрған әйелді бейтаныс еркек ұрып-жығып, бірнеше жерден пышақтаған. Кейін белгілі болғаны күдікті бейтаныс емес, келіншектің күйеуінің танысы екені анықталды. Қарыз 20 мың теңге үшін пышақтап кеткен.Оқиға 14 қарашада болған. Ауруханаға жеткізілген 38 жастағы әйелге алғашқы көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберіліпті. Оның ішкі органдарына зақым келмеген. Қазіргі таңда ол амбулаториялық ем қабылдап жатыр.Қостанай облыстық ПД Тергеу басқармасының басшысы Нұрлан Арыстанов: «Жедел іздестіру нәтижесінде, 41 жастағы облыс тұрғыны ұсталып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге қастандық» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деді.