Бюжет қаржысына баласының көлігін жөндеген экс-бас дәрігердің бас бостандығын шектеді
Бюжет қаржысына баласының көлігін жөндеген экс-бас дәрігердің бас бостандығын шектеді

Бюджет қаржысын жымқырғаны үшін экс-бас дәрігердің 4 жылға бас бостандығы шектелді.

Тергеу анықтағандай, ол ауруханаға бөлінген қаржыны туған ауылында шырша  отырғызу, ұлының жол талғамайтын көлігін жөндеуге жұмсаған. Әнуарбек Маймақов жалпы алты миллион теңге шығын келтірген. Телеарна мәліметінше, ол туған күнінде 400 шырша сатып алып, ауылына апарып отырғызған. Экс-бас дәрігер қаржы жымқыруды есепшімен бірлесіп іске асырған. Сот есепшінің аурухананы жөндеуге қажет тауарды туыстары арқылы сатып алған. 19 миллион теңге ұрлағаны үшін жеті жылға бас бостандығы шектелді.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының судьясы Момбек Әмірбеков: «Есепшінің қызы мен сіңлісі – жеке кәсіпкер. Олар тауарды тек қағаз жүзінде жеткізіп отырғандай етіп, құжат толтырған. Есепші ақшаны аудармай, өзіне алып отырған. Тергеуден соң шығын толық өтелді», – деді.