Машина сатқан адамның шотына ақша түскенде көлік иесі автоматты түрде өзгеретін болды
Машина сатқан адамның шотына ақша түскенде көлік иесі автоматты түрде өзгеретін болды

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жаңа қызметтің тиімді екені айтты.

«Еgov-та 600-ге жуық қызмет бар. Сервистердің көптігіне байланысты әр қызметті адамдардың ойынан шығатындай қылып ыңғайлы ету өте қиын. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, онлайн қызметтерді басқа да танымал тұғырнамаларға шығару қажет деп шештік. Енді жеке кәсіпкер ретінде тіркелу Kaspi.kz, Халық банк, Альфа банк және Сбербанк қосымшаларында да қолжетімді. Басқа да кең таралған қызметтерді осылай шығару жоспарлануда», – деді Мусин.

Енді машина сатып алған адам көлік сататын адамның шотына ақша аударғанда көлік иесі автоматты түрде өзгереді. «Дәл бүгін осы ыңғайлы сервисті тәжірибе режимде Kaspi.kz мобильдік қосымшасына енгіздік», – деді министр. Оның айтуынша, кредитке алынған көліктерді тіркеу бойынша Халық және Сбербанктермен келісім жасалып жатыр.

«Мамандандырылған ХҚКО-да тек жүргізуші куәлігін алу қызметі қалады. Өйткені автодромда емтихан тапсыруы қажет. Қазіргі кезде ШҚО мен Түркістан облыстарында автодромдар жоқ», – деді Бағдат Мусин.