Жұмыс таппағандарға әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалады – Нұрымбетов
Жұмыс таппағандарға әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалады – Нұрымбетов
150
оқылды
Жұмыспен қамту үшін Электронды еңбек биржасының мүмкіндіктері пайдаланылады. "Бүгінгі таңда жұмыс іздеп жүрген адам Жұмыспен қамту орталығына барып, кезекке тұрып,  жұмыс табу үшін орталықтың қызметкерінен кеңес алады. Ендігі кезде барлық жұмыспен қамту шаралары, бос жұмыс орындары Электронды еңбек биржасында болады. Портал жұмыс іздеп жүрген адамға дағдыларына сәйкес автоматты түрде бос жұмыс орындарын ұсынады. Мәселен, жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйе автоматты түрде адамды жұмыссыз ретінде тіркейді. Оған жұмыссыздыққа байланысты тиісті әлеуметтік төлемді проактивті түрде есептеп, тағайындайды. Осылайша, бірнеше қызметті біріктіріп, бизнес процесін жеңілдетіп жатырмыз», – деді Біржан Нұрымбетов.