Жүкті әйелді жол бойында құтқарушылар босандырды
Жүкті әйелді жол бойында құтқарушылар босандырды
5,100
оқылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығынан мәліметінше, кеше Алматы облысы «Күрті» трассалық медициналық-құтқару пунктіне сағат 14.40-та 20 жастағы жүкті әйел көмек сұрап барған.

«Трассалық пункт фельдшері жүкті әйелді қарай бастаған сәтте оның толғағы басталып кеткен. «Күрті» ТМҚП дәрігерлері әйелді сол жерде аман-есен босандырып алды. Қыз бала дүниеге келген. Ана да, сәби де аман-есен. Қазір ана мен бала Алматы облысы Іле ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында бала мен ананың өміріне қауіп төнген жоқ» делінген министрліктің хабарламасында.