Жаңа  оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған

Жаңа  оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған

Жаңа  оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.

«Оқу жылы басталғалы республика бойынша мектепте қызмет ететіндер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелді. Бұл - еліміздің 17 өңіріндегі мұғалімдер. Әр жағдай қандай мамандық бойынша жұмыс істейтініне қарамастан тексеріледі. Науқаспен байланыста болғандар анықталып, тиісті шаралар қолданылады», - дейді Айжан Есмағамбетова.
Еске сала кетейік, бұған дейін 986 оқушы коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.