Пайда әкелер халыққа, қырылуда балық та
Пайда әкелер халыққа, қырылуда балық та

Ақтөбе облысында Ат­жақ­сы өзенінде балықтар қыры­лып қалды. Мұндай оқиға елі­мізде алғаш рет кездесіп отырған жоқ. Бұл жолы қан­дай сылтау айтамыз?

Балық Мұғалжар ауданы Жаға­бұлақ ауылынан 42 шақырым жер­­де қырылған. Бұл – Атжақсы өзе­ні­­нің Жемге құятын тұсы. 4 қа­­­раша күні оқиға орнына Ақтөбе об­лыстық Экология департаменті мен облыстық Орман, аңшылық бас­қар­масының өкілдері келіп су­дан сынама алған. Ақтөбе облыс­тық экология департаменті бас­шы­сының орынбасары Ерболат Қожықовтың сөзінше, балықтың неден қырылғанын анықтау үшін кем дегенде бес тәулік қажет. Таби­ғатқа келген шығын мөлшері де сол кезде белгілі болмақ. Ал эко­­логтар «Өзенге Жаңажол мұ­най кенішінен өндіріс қалдығы тө­гіл­меген» деп қорытынды шық­­­пай жатып, «Биылғы қуаңш­ы­лықтан өзеннің табанында қал­ған су борсып, құрамында ам­миак көбейіп кеткен. Өзен суын­да кислород аз. Балық содан қырыл­ған болуы мүмкін» деп болжам­да­рын жасап та қойды.

Бізде мұнай, газ, мыс, көмір сияқты жер асты кенін өндіру бар, ал судағы байлықты пайдамызға асыра алмай отырмыз. Көрші өз­бек елі өзен-көл ресурсы аз бол­са да, бізден 30 есе артық өнім алып отыр. Олар қолдан жасалған көл­де 75 мың тонна балық өсірген. Өзбектер тонналап жасанды көлде балық өсірсе, бізде тонналап балық қырылуда. Балық оларда пайда көзі болса, бізде – шығын. Бұны не деуге болады? Салғырттық па, немқұрайлылық па?

Мысалы, өткен жылдың 3 желтоқсанында «Атырау Су Ар­насы» КМК құбырынан Жайық өзеніне химиялық заттарды төгу нәтижесінде Атырау облыстық ор­ман шаруашылығы және жа­нуар­лар дүниесі аумақтық инс­пек­циясының қызметкерлері қала­дағы 1-учаске ауданы маңын­да балықтың жаппай қырылу фак­тісін тіркеді. Экология де­пар­таментінің мамандары сол жерден су сынамасын алып, онда хлорид мөлшері рұқсат етілген шамадан 1,5-2 есе артық екенін көрсеткен. Атырау облыстық полиция департаменті балық қырылуына байланысты «Балық қорларын қорғау ережелерін бұзу» және «Суды ластау, қоқыстау немесе сарқу» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғаған. Қыл­мыстық іс бойынша «Атырау Су арнасы» коммуналдық-ша­руашылық кәсіпорнының бұ­рынғы директоры Руслан Құрметов, оның орынбасары Виктор Сущенко және су тазарту стансасының бастығы Михаил Чурсинге айып тағылған. Осы­лайша, «Атырау Су Арнасы» КМК мемлекетке 13 миллион 924 мың 12 теңге 5 тиын көлемінде залал келтірді. Балығын өсіріп, шаруасын дөңгелетіп отырған «Луговой жылқы зауыты» ЖШС 1 миллиард 488 миллион 79 мың 285 теңге, «Орал-Атырау бекіре ба­лық зауыты» РМҚК 429 миллион 438 мың 540 теңге зиян шектік деп отыр. Бұл оқиғаға нақты нүкте әлі қойылған жоқ, өйткені сот әлі жүріп жатыр. Нақтылап айтсақ, Жайық өзенінен 119 тоннаға жуық балық қырылған болатын. Оның 110 тоннасы – Луговой бекіре балықтарын өсіретін зауытқа тиесілі. Ресми статистикаға сәйкес, елімізде жылына 45 мың тонна ғана балық ауланса, қанша пайдадан айырылғанымызды бағамдай беріңіз.

Қысты күндері балық қы­рыл­са, мұз қалың болды, ауа жетпей тұншықты десек, жаздыгүні қуан­шылыққа сілтей саламыз. Н­егізі бізде нақты балық шаруашы­лығына деген ынта жоқ.

Иә, бізге балық шаруашылы­ғын қолға алып, оны экономиканы арттыратын, жұмыс орындарын ашатын тетік ретінде қолға ала­тын кез келді. 2018 жылы бір топ Сенат депутаты қол қойып, Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. Онда «Біздің еліміз балық шаруашылығы су қо­­рына бай, Каспий теңі­зін қос­па­ғанның өзінде су тоған­да­­ры­ның жалпы ауданы 5 мил­лион гектар шамасында. Бұл жер­лерде балық өсіру мен балық ау­лауды қарқынды дамытуға қо­лай­лы жағдай бар. Кеңес Ода­ғы тұсында республикада ар­­найы балық шаруашылығы ми­нистр­лігі құрылып, жүйелі мем­ле­кеттік саясат қалыптасқан бола­тын. Осының нәтижесінде бар­лық облыста балық зауыт­тары мен комбинаттары, өн­діріс­тік бірлестіктері жұмыс іс­тейді. Балық аулау мен балық өнім­дері өндірісінің жалпы кө­лемі кей жылдары 111 мың тон­на­дан асты. Мыңдаған адам осы са­лада тұрақты жұмыспен қам­ты­лып, табысты еңбек етті. Бі­рақ қазіргі уақытта балық ша­руа­шы­лығының мүмкіндігі толық пай­да­ланылмауда. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап эко­номиканың жетекші саласы болған балық шаруашылығы жете көңіл бөлінбеуінен құлдырауға ұшырады және осы жағдайдан әлі де шыға алмауда. Балық аулау көлемі күрт төмендеген...» деп, балық ша­руашылығы министрлігін қайта құру туралы мәселені қоз­ға­ған болатын. Айта кету керек, ал­ғашында балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған Бағдарламасы саланың қалыптасуына белгілі бір дең­гей­де қозғау салғанымен, ол жал­ға­сын таппай қалған. 2007-2015 жыл­дарға жоспарланған балық ша­руа­шылығын дамытудың тұ­жырым­дамасы да толық іске аспай, Үкі­мет қаулысымен мерзімінен бұрын күшін жойды. Осы салаға жауапты мемлекеттік орган ретінде 2003 жылы құрылған Балық ша­руашылығы комитеті бірнеше рет бір министрліктен екінші министр­лікке ауыстырылды, қайта-қай­та құрылымдық өзгерістерге ұшы­рады, нәтижесінде мүлдем тара­ты­лып жіберілді. «Тәжірибелі, бі­лімді мамандар корпусы жо­ғал­ды. Балық саласы қазіргі уа­қытта Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жа­нуарлар дүниесі комитетінің құ­ра­мына бір басқарма есебінде кіріс­­тірілген. Онда бес-алты ғана ма­­ман жұмыс істейді. Осы салаға керек мамандарды дайындайтын ма­мандандырылған арнаулы оқу орын­дары жабылып қалды. Осы­ның себебінен өзіндік ерек­шелігі көп балық саласына қажет ма­мандар жетіспейді» деп депутаттар анығын да жазды. Бірақ жабулы қазан жабулы күйінде қалды.


Түйін.


Егер балық шаруа­шы­лығы дамыса, бүгінгідей балықтың жап­пай қырылуы болмас еді. Өйткені ол уақытта өзен-көлдерді тазалау жұ­мыстары жүргізіліп, қоқыс пен артық балдырдан ары­лар еді. Соны­мен қатар балықтан пай­да тап­қан кәсіпкер қыста мұзды ойып, керекті мөл­шер­де ауа жіберетін шұңқыр ойып, өз табысын табар еді. Ал қазіргідей өндірістік қалдығын өзенге ағы­затын мекекемелер тартынар еді. Әйт­песе, енді қай жерде балық қыры­лады деп отырғаның...



Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ