Павлодарда көлік жуу бекетінде жұмыс істеп, аяғынан айырылған жас ана араша сұрайды (Видео)
Павлодарда көлік жуу бекетінде жұмыс істеп, аяғынан айырылған жас ана араша сұрайды (Видео)
146
оқылды
Қазір аяғынан айырылып, көмекке мұқтаж  болып отырған үш баланың анасы Валентинаға жұрттың аяушылық танытқанынан бұрын, сотта жеңіске жету маңызды болып тұр. Сұлу әрі еңбекқор Валентинаның өмірі  павлодарлықтарды бейжай қалдырмады. Валентина «Диамонт» автокөлік жуу орнында көлік жуушы болып жұмыс істеген. 31 қазан күні клиенттің Toyota Avalon көлігін тұраққа қоюға көмектесіп жатқанда жас ананы әріптесі  Женя көлігімен соққан. Валентина Женяның сол күні мас күйде болғанын айтады. Видеодан байқалғандай, Женя тежегішке басудың орнына газды басып, Валентинаны қабырғаға қарай итеріп, соққан. Осыдан соң,  қыз жан сақтау бөліміне түсті деп жазады Ratel.kz. Қуанышқа орай, оның жаны аман қалды. Бірақ аяғын кесуге тура келді. Бұдан кейін полиция қылмыстық іс қозғаған. Ауыр дене жарақатымен болған ЖКО фактісі бойынша ғана. Полицейлер жазатайым оқиға туралы Еңбек басқармасына тексеру жүргізуге ұсыныс жібермеді. Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалмады (ҚР ҚК 156-бабы). «Диамонттағы» көлік жуушылар ешқандай келісімшартсыз жұмыс істейтін болып шықты. Зейнетақы қорына және медициналық сақтандыру қорына ешқандай аударым жасалмайды. Осы оқиғадан кейін Женя 12 қарашада ұсталған. Алайда ол осыған дейін мүмкіндігі шектеулі болып қалған жас анаға бұлай тастамауға уәде беріп, мас күйінде дауыстық хабарламалар жіберумен шектеліпті. Ал Автожуу басшылығы Валентинаны ауруханаға да, үйіне де іздеп бармаған. Қоңырау шалмаған, жазбаған. Кәсіпорын директоры Руслан Бейсембаев «Еуразия» бірінші арнасына берген сұхбатында бойжеткеннің сол күні табельде атап өтілмегенін мәлімдеді.
«Таңертең біз жұмысшылардың тізімі көрсетілген кесте жасаймыз. Бұл құжатта Валентинаның аты жоқ еді. Мен бұл көлікті басқарған жас жігітті мүлдем білмеймін. Ол бізде ешқашан жұмыс істемеді», – деді ол. –Осындай аязда, суықта көлік жуу бекетіне  клубқа көңіл көтеруге  келгендей келеді, – деп еске алады Валентина.
Валентина көлік жуу бекетінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Өйткені жұмыс болмағасын кіші ұлымен Тереңкөл ауданының Октябрьское ауылынан келген. Ал қыздары бұрынғы енесімен қалған. Себебі апаратын жер жоқ. Оның үстіне олар ауылда күндізгі бөлімде оқиды. Валентина тапқанын қыздарына жіберіп тұрады. Оның бос уақыты болмады. Таңертеңнен кешке дейін балаларының қамы үшін еңбек етті. Көлік жуды, үйдің жанындағы дүкеннің еденін жуды. Арасында күтуші болып та жұмыс істеді. Қарт әженің күтушісі болды. Әженің ұлы Германиядан келіп, анасына жақсылап қарағаны Валентинаға ризашылығын білдірді. «Пәтер жалдама, осында тұра бер» деді. Бәрі жақсы болып келе жатыр еді...  Амал бар ма? «Енді мен ешкімге қамқор бола алмаймын. Еден жуа алмаймын. Көлікті де», – дейді ол. Аяқ астынан қиын жағдайға тап болған үш баланың анасы Валентина енді аяушылық емес, әділдік іздейді, араша сұрайды... Оның мақсаты – сотта жеңіске жету!