Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Ерғали Білісбеков тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Ерғали Дәулетбекұлы 1961 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша мәдени-ағарту жұмысының жетекшісі, экономист, құрылыс маманы. Еңбек жолын 1978 жылы Шымкент қаласындағы «Казгалантерейторг» базасында жұмысшы болып бастаған.
- 1983-1984 жылы Шымкент қаласындағы ОКТУ-38 оқу орнында педагог-тәрбиеші.
- 1984-1988 жылы Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының комсомол комитетінің хатшысы.
- 1988-1990 жылы Шымкент қалалық педагогикалық мәдениет институтының кафедра меңгерушісінің орынбасары - аға лаборант.
- 1990-2008 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда басшылық еткен.
- 2008-2011 жылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
- 2011-2012 жылы Астана қаласында ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің ұйымдастыру-жұмыстары және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
- 2012-2014 жылы Астана қаласында ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы.
- 2014-2017 ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
- 2017-2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.