Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Nur Otan праймеризі: Мәжіліске Ақтөбеден 4 үміткер тіркелді

Мәжілістегі партиялық тізімге Ақтөбе облысынан ұсынылған үміткерлердің ішінде жастар және медицина қызметкері бар.

А.Ахметқазы
Қараша 17, 2020
Жаңалықтар, Nur Otan, Қазақстан, ПРАЙМЕРИЗ
Nur Otan праймеризі: Мәжіліске Ақтөбеден 4 үміткер тіркелді
151
қаралым

Мәжілістегі партиялық тізімге Ақтөбе облысынан ұсынылған үміткерлердің ішінде жастар және медицина қызметкері бар. Олар «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясында пікірсайыс пен дауыс беру қорытындысы арқылы анықталды.

Конференция барысында мәжіліске Nur Otan-ның партиялық тізіміне үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Олар өз сайлауалды бағдарламасы бойынша мәселелерді шешу жолдарын ұсынып, бір-біріне сұрақтар қойды. Пікірсайыс қорытындысы бойынша 15 үміткерге «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы 109 делегат дауыс берді. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған төртеуі облыстың өкілдік квотасына сәйкес Мәжілістегі партиялық тізімге үміткер ретінде енді.

Nur Otan праймеризі: Мәжіліске Ақтөбеден 4 үміткер тіркелді

Президент фракция басшыларымен кездесті

Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты реформа нәтижелі болуы тиіс – Рақым Ошақбаев

Президент бастамасы саяси аренада жаңа партиялардың пайда болуына жол ашады – Самат Нұртаза

Атап айтқанда, грек-рим, еркін және әйелдер күресі облыстық федерациясының президенті Рахат Сыдықов ең көп дауыс жинады. Екінші орынды 96 дауыспен мемлекеттік қызметкер Аманғали Бердалин иеленді. Сонымен қатар тізімге «DARU Medical Group» бас директоры Ғалымжан Елеуов, «Jas Otan» Жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асылжан Бүркіталин кірді.

– Бүгінгі праймериз – бұл ортақ жеңісіміз. Себебі арманымыз бір – ел мен халыққа қызмет ету, мемлекетімізді көркейту. Пікірсайыс барысында түрлі мәселе көтерілді, оның шешу жолдары да айтылды. Мұнда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей ең үздігі анықталды, – деді партияның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Nur Otan праймеризі: Мәжіліске Ақтөбеден 4 үміткер тіркелді

Конференияда облыстық мәслихатқа 50 адамнан тұратын партиялық тізім бекітілді. Оның ішінде әйелдердің үлесі 9 пайыздан 30 пайызға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар – 20 пайызға артты. Қазіргі қызмет етіп отырған мәслихаттың құрамымен салыстырғанда орташа жасы 6 жасқа, яғни 52-ден 46 жасқа дейін жасарды.

Тізімдегілердің 41 пайызын шағын және орта бизнес өкілдері құрады. Ал білім беру саласы 13 пайыз, квазимемлекеттік сектор– 8 пайыз. Сондай-ақ, конференцияда облыстық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, партияның кезектен тыс XX Съезіне делегаттар сайланды.

Айта кету керек, облыс бойынша праймериздің бірінші кезеңіне 460 үміткер қатысты. Оның 36,7 пайызын – әйелдер, 28 пайызын – 35 жасқа дейінгі жастар құрады. Кандидаттардың 50,4%-і бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылса, ал 49,6%-і – өзін-өзі ұсынушылар. Дауыс беруге 28,6 мыңнан астам партия мүшесі қатысты.

 
Тегтер: Мәжіліспраймеризсайлау
Алдыңғы жаңалық

Модель болмақ қайда деп…

Келесі жаңалық

Қазақстанда ипотека рәсімдеудің жаңа тәсілі енгізіледі

Ұқсас жаңалықтар

Қытай
Жаһан

Қытайда бес күн ішінде жаңа аурухана тұрғызылды

Қаңтар 19, 2021
Атырау
Жаңалықтар

Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады

Қаңтар 18, 2021
Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзғандарға 240 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Қаңтар 18, 2021
облыс
Жаңалықтар

Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 18, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайда бес күн ішінде жаңа аурухана тұрғызылды

Қаңтар 19, 00:21

Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады

Қаңтар 18, 23:54

Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзғандарға 240 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Қаңтар 18, 23:24

Еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 18, 22:44

Нәрестені өлтіру қылмысына қатысы бар дәрігерлерге сот үкімі шықты

Қаңтар 18, 22:09

Өскемен қаласының логотипі өзгерді

Қаңтар 18, 21:44

ШҚО-да 25 миллион теңге жымқырған алаяқ ұсталды

Қаңтар 18, 21:17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Қытай

Қытайда бес күн ішінде жаңа аурухана тұрғызылды

Қаңтар 19, 2021
Атырау

Атырауда 648 отбасы жаңа пәтер алады

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»