Шымкентегі бала өлімі: Тексеру нәтижесі астан уланбағанын дәлелдеді
Шымкентегі бала өлімі: Тексеру нәтижесі астан уланбағанын дәлелдеді
5,122
оқылды

Шымкентте уланған отбасы жеген тағамдарды тексерген санэпидемиологтар «балалар астан уланбаған» деген қорытындыға келіп отыр.

Үйдегі тоңазытқыштағы азық-түліктен бастап, дүкеннен алып жеген тұшпараға дейін бас-аяғы 30 түрлі заттан зиянды ештеңе таппаған.

«Тұшпарадан нормаға сай келмейтін, гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтін зиянды нәрселер анықталған жоқ. Көміртек оксидтерінің уытты әсерлері деген ол, жаңағыдай, газдың әсерінен болған улану деген сөз. Сондай-ақ, сотмедициналық сараптаманың қорытындысын алдық. Ол жерде де «белгісіз затпен жедел улану» дейді. Тұтас отбасының улануына қатысты нақты қорытынды шықпаса да, мамандар бұған газ себепкер екеніне сенімді. Бірақ пәтер ішіндегі ауадан «зиянды металл анықталған жоқ», - дейді Шымкент қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Шымкент қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Алмат Қосалиев.

Тергеу жалғасуда.