Қазақстанда ипотека рәсімдеудің жаңа тәсілі енгізіледі

Қазақстанда ипотека рәсімдеудің жаңа тәсілі енгізіледі

Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет басшысына ипотеканы рәсімдеудің күрделі процесін Blockchain технологиясымен алмастыруға уәде бергенін айтты.

«Ипотекаға пәтер сатып алғанда, кепілді тіркеу қажет. Бүгінде банктен құжаттарын алып, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. 3 жұмыс күннен кейін ХҚКО-дан құжаттарды алып, оларды қайтадан банкке кері қайтару керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі. Рәсімдеу кезіндегі бюрократияны шешу үшін Blockchain технологиясын қолдандық. Осы күрделі процесті тек сынақ форматында автоматтандырылды», - дейді министр.
Бұл қандай мүмкіндік берді?
«Ипотеканы ресімдеу мерзімін қысқарту және клиент деректерінің сақталуы. Мұндай жобалар басқа банктермен де іске асырылатын болады және құрылыс компаниялары да осы технологияға қызығушылық танытып, процеске тартылады деп үміттенеміз», - деп түсіндірді Бағдат Мусин.
Сондай-ақ, министр автокөлікті сатып алу-сату процесін өзгерткенін айтты. Автокөлікті тіркеу онлайн режимде қолжетімді болғанына қарамастан, азаматтар маманданыдырылған ХҚКО-ға тікелей келіп, уақытын жоғалтып жатыр. Мамандандырылған ХҚКО-ларға жыл сайын 3 млн астам азамат жүгінеді.
«Біз енгізген жаңа процесс - базада сатып алушы ақшаны сатушы автомобильдің шотына аударғаннан кейін бірден автокөлік иесін өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық мәселелерді жедел пысықтағаны үшін ІІМ әріптестеріне алғыс айтқым келеді. Осындай ыңғайлы сервис пилоттық режимде Kaspi.kz қосымшасында қолжетімді», - деді министр.