Елордада 5 автокөлік соқтығысты, – деп хабарлады қалалық полиция депараментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 17 қарашада болды. Шамамен түс кезінде KIA Cerato жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Рысқұлов көшесіне қарай келе жатқан. Жүргізуші көлікке ие бола алмай қалып, сол бағытта келе жатқан Hyundai Accent-ке соқтығысты. Содан соң KIA Cerato қарама-қарсы бағытқа шығып, тағы үш көлікпен соқтығысқан.