Бес облыс аумағында ескерту жарияланды

Бес облыс аумағында ескерту жарияланды

Бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет РМК. 8 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Ертең Петропавлда жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 18-19 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. 18 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 18 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. 18 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.