Кентауда полиция көлігі мен жеңіл автомобиль соқтығысып, 6 адам жарақаттанды
Кентауда полиция көлігі мен жеңіл автомобиль соқтығысып, 6 адам жарақаттанды
83
оқылды
Түркістан облысында «Нексия» автокөлігі мен полицияның қызметтік көлігі соқтығысты, деп хабарлайды  облыстық полиция департаменті. 14 қараша түнгі уақытта Кентау полиция бөлімінің кезекші бөліміне Кентау-Түркістан тасжолында жол апаты болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Іргелес ауылдың тұрғыны тізгіндеген «Нексия» маркалы автокөлік патруль полициясының қызметтік көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан 6 адам, яғни екі жүргізуші және екі көліктің 4 жолаушысы түрлі жарақат алды, оларға медициналық көмек көрсетілді. Бұл жайт қалалық полиция бөлімінде тіркелді. « Нексия» автокөлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін өз кінәсін мойындады. Тергеушілер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Автокөліктерге материалдық шығын келген. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол жүру ережелерін сақтауды, әсіресе мас күйде рөлге отырмауды ескертеді.
«Сондай-ақ, жолда жылдамдықты асырмаңыз, маневр жасау ережелерін бұзбаңыз, қарсы бағытқа шықпаңыз, жол қозғалысы ережелерін естен шығармаңыз. Сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолдардағы жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі де жол ережелерін сақтауға байланысты екенін ұмытпаңыз» деп ескертеді полиция.