«Қазақстанда бәрі сатылады»: Илья Ильин волейболшыға қолдау білдірді
«Қазақстанда бәрі сатылады»: Илья Ильин волейболшыға қолдау білдірді
147
оқылды
"Қазақстанда бәрі сатылады" деп мәлімдеме жасаған волейболшы Алеся Сафронова ойыннан шеттетілді. Осы орайда ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қазақстандық волейболшыға қолдау білдіріп, федерация басшылығынан оны бір-екі ойыннан ғана шеттетуді сұрады.  12 қарашада «Жетісу» мен «Алтай» арасындағы кездесуде волейболшы Алеся Сафронова эмоциясын тежей алмай, тікелей эфирде «Қазақстанда бәрі сатылады, Федерацияда да» деп мәлімдеме жасаған болатын.
«Мен әйелдер волейболында болып жатқан жағдай туралы айтқым келеді. Спортшы камера алдында ойын әділ өтпейтінін және төрешілер қарсылас команданың жеңуіне көмектескенін айтты. Ол артынан кешірім сұрады. Ешкімді кінәлағысы келмейтінін және қызбалықпен айтқанын жеткізді. Айтқым келгені мынау: спортшы кешірім сұрады, бір ойынға уақытша шеттетіліп, бәрі ұмытылсын. Спортшыға қысым жасаудың не керегі бар?! Спорт дегеніміз – эмоция. Федерация өкілдерінен бұл мәселені қалыпты түрде шешуді сұраймын. Бір ойынға шеттетілсін, жарайды, екі ойынға болсын... Барлық спортшыға камера алдында сөйлеу кезінде мұқият болуы керек екені түсінікті болады!», - деп жазды Илья Ильин.
Алеся Сафронова келесі ойынға – «Ертіс-Қазхром» командасына қарсы матчқа қатыстырылған жоқ. Ол жарысқа қатысу құқығынан айырылғанын айтқан. Спортшының бұл сөзін Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев растады. Осы оқиғадан кейін спортшы ашу үстінде айтқан сөзі үшін кешірім сұрады.