Ведомствоаралық комиссияның отырысында «Жасыл аймақ» пен «сары аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жүру уақытына қатысты шешім қабылданды.
«Жасыл аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы апта ішінде сағат 23:00-ге дейін ұзартылады. «Сары аймақта» орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 23:00-ге дейін ұзартылады, - делінген құжатта.