Әлемде коронавирус жұққан алғашқы науқастың анықталғанына 1 жыл болды
Әлемде коронавирус жұққан алғашқы науқастың анықталғанына 1 жыл болды
5,117
оқылды

Сарапшылардың пайымдауынша, артынша індет одан өзгелерге тараған.

Көбі ер адамды «нольдік пациент» деп атайды. Дегенмен, мамандар «осы күнге дейін нольдік пациент нақты кім екені белгісіз» дейді. Былтыр желтосқанның соңында Қытайда эпидемия ушығып, биыл қаңтарда әлемнің өзге елдерінде де індетті жұқтыру деректері тіркеле бастады.

Сөйтіп, осы күнге дейін 55 миллионнан аса дерек расталды. Бір миллион 300 мыңнан аса адам індетпен күресе алмай көз жұмды. Ал біздің елімізде алғашқы дерек жайлы биылғы наурызда белгілі болған еді.