Түрмеге ұялы телефондарды йогурттың тетрапакетіне орап өткізбекші болғандар ұсталды (видео)
Түрмеге ұялы телефондарды йогурттың тетрапакетіне орап өткізбекші болғандар ұсталды (видео)

Маңғыстауда колонияға телефон өткізбек болғандар ұсталды.

Олар ұялы телефондар мен SIM карталарды йогурттың тетрапакеті мен күлше қораптарына ораған. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ГМ-172/6 мекемесіне тыйым салынған заттарды кісі өлтіру және ұрлық үшін сотталған қылмыскердің досы әкелген.

Колония қызметкерлері тінту кезінде тыйым салынған заттарды байқап қалған. Жасырылған 8 ұялы телефон мен жеті SIM картаны тапқан.

Тергеу әлі жалғасып жатыр.