Шымкенттегі екі жұмысшыны топырақ басып қалған оқиғаның себебі анықталды
Шымкенттегі екі жұмысшыны топырақ басып қалған оқиғаның себебі анықталды
122
оқылды

Шымкент қаласы әкімдігі қазған шұңқыр опырылып, екі жұмысшы қаза болған оқиғаның мән-жайы белгілі болды.

Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиғаға «Югстройсервис-Н» ЖШС мердігерінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауы себеп болған.

Сондай-ақ, ведомство өкілі оқиға Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығында болғанын айтты. Қазаншұңқырды 9 қабатты үш үйдің құрылысы үшін қазған. Тапсырыс беруші - қалалық құрылыс басқармасы. Жұмыстың конкурстық құны - 1 миллиард 982 миллион 821 мың теңге. Нысан құрылысы 8 қазанда басталып, 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Бұған дейін Шымкентте оқыс оқиға салдарынан екі адам қайтыс болғанын хабарлаған едік.