Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты жоғары оқу орындарында сабақ болдырмай, жұмыс күнін қысқарту ұсынылады, деп хабарлайды елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі. "ТЖД елордада ауа райының күрт нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан жоғары оқу орындарының студенттеріне сабақ беруді тоқтатуды; жұмыс берушілерге 27 қаңтардағы жұмыс кестесін қысқартуды және қайта қарауды ұсынады", - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарламада. Сонымен қатар, құтқарушылар қалаға барудан бас тартып, қоғамдық көлікке артықшылық беруге, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарға барудан бас тартуға кеңес берді. Елордада балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді. "Білім басқармасы бірінші және екінші ауысымдағы 0-12 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды", - деп қосты ТЖД.