Депутаттар «Nur Otan» праймеризінде жеңіске жетті
Депутаттар «Nur Otan» праймеризінде  жеңіске жетті
140
оқылды

Мәжіліс депутаттары – «Nur Otan» партиясы фракциясының мү­шелері Гүлнар Бижанова, Құдайберген Ержан, Балайым Кес­е­баева, Берік Оспанов және Артур Платонов праймериз шеңберінде ай­мақтардағы партия конференцияларында пікірталасқа қаты­сып, ең көп дауыс жинады.

Аймақтарда партия конферен­ция­­лары өтіп, Мәжіліске партия­лық тізім бойынша үміткерлер ара­­­сында пікірталастар ұйым­дас­ты­рылды. Олардың қатарында өзек­ті бағыттар бойынша жұмыс­тарын жалғастыру үшін өз канди­да­тураларын ұсынған Мәжілістің қазіргі депутаттары бар. Атап айтқанда, Артур Платонов Ал­матыдағы әлеуметтік мәсе­ле­лер­ді шешу және экологияны жақсарту жө­ніндегі өз идеяларын ұсынса, Бе­рік Оспанов Шымкент қала­сын­да агроөнеркәсіптік кешенді да­мы­ту және отандық кәсіпкерлерді қол­дау мәселелерін көтерді. Гүлнар Би­жанова мен Балайым Кесебаева Мә­жілістің Заңнама және сот-құ­қық­тық реформа комитетінің мү­ше­лері ретінде Қарағанды және Қы­зылорда облыстарында сөз сөй­леп, қазақстандықтардың өзекті мә­селелерін шешу үшін заңнаманы же­тілдіру тақырыбын қозғады. Со­нымен қатар Құдайберген Ержан Түркістан облысында елдің қауіп­сіз­дігін жақсарту үшін тиімді диалог құрып, саналы шешім қабылдау қа­жеттілігіне назар аударды. Пікірталас барысында Мәжі­ліс­тің қазіргі депутаттары өздерінің заң­­намалық жұмысының тәжіри­бе­сін, халықтың өмір сүру жағдайы мен отандық экономика салалары­ның өзекті мәселелерін терең біле­тін­дерін көрсетіп, қандай да бір са­­­ладағы жағдайды жақсарту және жал­пы өңірлерді дамытуға арналған нақ­ты ұсыныстар айтты. Сондай-ақ олар маңызды тақырыптар бойын­ша сындарлы байланыс құра бі­ле­тіндіктерін көрсетті. Пікірсайыс қорытындысы бойын­­ша Мәжілістің қазіргі де­пу­таттары ең көп дауыс жинап, өз өңір­лерінен партиялық тізімге енді.

А. ЖАСАН