Әйелдер қауымын кәсіпке тарту көзделді

Әйелдер қауымын кәсіпке тарту көзделді

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйым­дас­тыру­ымен «Әйел – ана, әйел – еңбекқор» тақыры­бын­да онлайн жиын өтті.

ZOOM платформасы арқылы өткен отырысқа Шымкент қалалық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева, жастар мен қоғам бел­сенділері қатысты. Қашықтан өткен мәжілісте қоғамдағы қыз-ке­лін­шектерді еңбекке, кәсіпкерлікке көп­теп беру мәселесі қаралды. Жиын­ға қатысушылар бұл мәселе төңірегінде өздерінің ұсыныс-пі­кірлерін ортаға салды. – Ол үшін банктер тарапынан көп­балалы аналарға жеңіл несие беру жағы қаралуы қажет. Сондай-ақ аналарды арнайы бизнес курс­тар­да оқыту үшін қызықтыру керек, – деп санайды қоғам белсенділері. Жиында жас қыздар да бүгінде жұ­мысқа тұру мәселесі өзекті еке­нін айтты. Осыған орай, Үкімет та­ра­пынан жастарды қолдауға ар­налған арнайы бағдарламалар қа­жет екенін тілге тиек етті.

А.ЖАСАНҰЛЫ