Жастар дөңгелек үстелде бас қосты

Жастар дөңгелек үстелде бас қосты

Mанаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Университетте стартап жобаларды жүзеге асыру үшін инвестицияларды тартудың өзекті мәселелері мен шешім­дері» атты дөңгелек үстел өтті.

Zoom платформасы арқылы өт­кен іс-шараны «Nur Otan» партия­сы­ның «Болашақ» аумақтық фи­лиа­лы мен Қозыбаев университетінің ғы­лыми зерттеулер нәтижелерін ком­мерциализациялау кеңсесінің қыз­меткерлері ұйымдастырды. Оты­рысқа жас ғалымдар мен студенттер қа­тысты. Жиынды кіріспе сөзімен ашқан ком­мерциализация кеңсесінің бас­шысы А.Деймунд Қазақстанда ин­вес­­тициялау тәжірибесі әлі қалып­тас­пағанын айтты. Сонымен қатар әң­гіме барысында Үкімет, инвес­тор­лар мен стартап арасында міндетте­ме­лерді бөлу тұрғысынан тиімді қар­жыландыру тетіктері өте аз екені де тілге тиек етілді. – Білімді қажет ететін стартап­тар­дың жағдайы әлдеқайда күрделі. Жоғары технологиялық технология­лар стратегиялық маңызға ие, ал са­лықты қайтару бұл жерде бірінші орын­ға қойылмайды, сондықтан мұн­дай жобалар көбіне гранттар мен қай­тарымсыз субсидиялар, заттай грант­тар және басқа да механизмдер есе­бінен қаржыландырылады. Қо­зыбаев университетінде толыққанды инвестицияларды тарту туралы айту мүмкін емес. Қазір стартаптарға қа­ра­жат тартудың негізгі жолдары стар­таптарды кәсіпкерлікті қол­дау­дың мемлекеттік бағдарламасына қа­тысу, олардың сан қилы түрлері мен формаларын гранттық қаржы­лан­дыру, қарыз қаражаттарын пай­да­лану және тең құрылтайшылар тар­ту арқылы жүзеге асырылады, – деді ол. Жалпы, 2020 жылдың қорытын­дысы бойынша аталған универси­тет­те 30-дан астам бизнес-идея тір­кел­ген. Бұл студенттердің өз ісін ашу­ға, сондай-ақ қазіргі заманғы тех­нологиялық мәселелерді шешуге деген қызығушылығының жоғары еке­нін көрсетеді. Мысалы, балаларға ар­налған гипс жиынтықтарын шы­ғару үшін Qazbuka жобасы және жер бе­дерінің 3D модельдерін құруға жә­не 3D басып шығаруға арналған 3Dcontrol.kz жобасы қолға алынды. Дөңгелек үстелдің тақырыбы тың­даушылар арасында үлкен қы­зығу­шылық тудырды. Атап айтқанда, стар­таптарға қаражат жинаудың за­ма­науи тәжірибесі, бизнес идея­лар­ды жүзеге асырудың құқықтық жол­дары, сондай-ақ жаңадан баста­ған кәсіпкерлерге қажетті жеке қа­сиеттер жайында студенттер мен жас­тар тарапынан түрлі сұрақ қойыл­ды.

А.ЖАСАН