Оңтүстік Кореяда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының құрметіне көрме ашылды.
Көрмеге спортшының сирек фотосуреттері мен жеке заттары қойылды.
Көпшілік назарына спортшының шығармашылық туындылары ұсынылған. 24.kz-тің жазуынша, Денистің есімін екі ел де ұмытпақ емес.
Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаев: «Спорт арқылы, өзінің спорттық жетістіктері арқылы ол Қазақстанды әлемнің басқа елдерімен, оның ішінде, әсіресе Корея Республикасымен біріктірді», - деді.