Шаруасы шалқыған қожалық
Шаруасы шалқыған қожалық
161
оқылды

Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі тірегі. Бұл сала да мемлекеттің ерекше қолдауына ие. Қазіргі кезде шаруашылығын өркендетемін деген кез келген азамат мем­лекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін дөңгелете алады. Жуырда «Nur Otan» партиясы Алакөл аудандық фи­лиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Көке­баев аудандағы шаруасы шалқыған шаруа қожалық­тарын аралап, олардың тындырымды жұмысымен танысты.

Қожалық басшысы Рыс­кел­ді Айманбетовтің іссапарға ке­туі­не орай шаруашылық жұмы­сы­мен қожалық жұмысын рет­теу­ші Назымбек Мырзалиев та­ныстырды. қожалық Өңірдегі ірі шаруа­шы­лық­тың бірі – «Ырыс». Бұл шаруа­шы­лықтың негізгі кәсібі – Зеңгі ба­ба төлін өсіру. Бүгінде «Ырыс» шаруа­шылығында 1 000 бас мүйіз­­ді ірі қара бар. Оның 200 ба­­сы бордақыға орна­лас­ты­рыл­ған. Шаруашылық жұмысын дөң­­гелету үшін 6 пайыздық мөл­шермен 100 миллион теңге не­сие алған. Шаруашылық жем­­­шөп­ті өздері даярлайды, сол үшін де 15 адамды жұмыспен қам­­тып отыр. Бұдан бөлек, мем­ле­кеттен 3 миллион субси­дия ала­ды. Бір қызығы, шаруа­шы­­лық бүгінде ет өнімін базар ба­ға­мынан төмен бағамен өз сау­да нүк­телерінде сатады. Жы­лы­на 130-150 тонна ет өндіретін қо­жалық дайын өнім өндіруді де қолға алмақ. – Мал шаруашылығы – қа­зақ­тың ата кәсібі. «Асық ой­на­ған азар, доп ойнаған тозар, бә­­­рінен де мал бағып, кәсіп ет­кен озар» демей ме халқымыз. Шаруа қожалығының өнімін аудан халқынан бөлек, өзге өңір­лер де пайдаланады. Себебі «Ырыстың» өнімі базар баға­мы­нан әлдеқайда төмен. Мұндай қо­жалықтарға қолдау білдіру ар­­қылы ауыл шаруашылығының та­мырына қан жүгіртеміз, – деді «Nur Otan» партиясы Ала­көл аудандық филиалы төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары Қайрат Көкебаев. Шаруа қожалығы мемлекет қол­дауы негізінде өрісін әрі қа­рай кеңіте түспек. Өйткені қол­дау барда өркендеу бар.

Әбілмансұр ЖАСАН