WhatsApp статусы үшін жазаланды
WhatsApp статусы үшін жазаланды
103
оқылды

СҚО-да Петропавл қаласының тұрғыны танымал мес­сен­джердегі мәртебесі үшін жазаланып, сотта айыппұл арқалады. Ол енді 100 мың теңгеге жуық айып төлеуі тиіс.

Жергілікті Полиция департаментінің хабарлауынша, 30 жасар ер адам WhatsApp-тағы статусына тұрақты түрде діни сипаттағы фотосуреттерді орналастырумен әуестеніпті. Осыған байланысты экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан заңнамасын бұзу» әкімшілік бабы бойынша іс қозғады. Петропавл тұрғынына қатысты жиналған материал алдымен сарап­тамадан өткізіліпті. Тиісті қорытынды алынған соң іс сотқа жолданған. Мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен жігітке 35 АЕК (97,2 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салу туралы жаза тағайындалды. Қазақстан заңнамасы бойынша діни материалдарды елімізде тек мешіт, шіркеу, храмдарда, діни бағыттағы білім беру ұйымдарында, немесе тиісті рұқсаты бар кітап дүкендерінде таратуға ғана рұқсат етіледі. СҚО-да мұндай 15 дүкен бар. Оның 14-і – Петропавлда, тағы біреуі Айыртау ауданының орталығы Саумалкөлде орналасқан.

Елдос СЕНБАЙ