«Барселона» 50 млн еуро тұратын үздік шабуылшысын тегін жібермек
«Барселона» 50 млн еуро тұратын үздік шабуылшысын тегін жібермек
128
оқылды

Қазіргі клубымен келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жасалған

Каталониялық «Барселона» клубы өзінің үздік шабуылшысы Луис Суаресті алдағы трансферлік терезе кезінде тегін жіберуге ниетті. 

ESPN мәліметінше, уругвайлық шабуылшы ендігі карьерасын MLS-та жалғастыруы мүмкін. 32 жастағы шабуылшыға Дэвид Бекхэмнің «Интер Майами» клубы қызығушылық танытып отырған көрінеді. 

Суарестің қазіргі клубымен келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Бұл ретте «Барселона» шабуылшысын еркін агент ретінде АҚШ футбол лигасына жіберуі мүмкін. 

Бұған дейін футболшыға «Манчестер Юнайтед» және «Реал» клубтары да қызығушылық білдірген. Бірақ олардың нақты ұсыныс жасағаны туралы ақпарат жоқ. 

Суарес «Барселона» сапында 2014 жылдан бері ойнап келе жатыр. Каталониялық клубпен бірге ол төрт рет Испания чемпионатын жеңіп алған, төрт рет ел кубогын иеленген. Сондай-ақ 2015 жылы Чемпиондар лигасы кубогын төбесіне көтерді. 

Осы маусым басталғалы ол 12 кездесуге қатысып, 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.