Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Солтүстік пен шығыста үй бағасы қымбаттайды

«Айқын» ақпарат
Қараша 18, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
үй
86
қаралым

Тұрғын үй нарығы қызатын жаз айлары карантинмен тұспа-тұс келіп, нәтижесінде баспана саудасы жыл басынан бергі 10 айда былтырғымен салыстырғанда 7,7 пайыз кеміді. Алайда күзден бастап сауданың біржола болмаса да, біртіндеп қалпына келе бастағаны байқалады. Сұраныстың төмендеп, халықтың сатып алу қабілетінің азайғанына қарамастан, үй бағасы қымбаттамаса, арзандаған жоқ. Жыл басынан бері жаңа үй бағасы 5 пайыз өссе, қайталама нарықтағы баспана құны 11 пайыз қымбаттап кеткен. Әсіресе, қыркүйектен бері бағаның өсімі қарқын алды.

Үй өтпесе де, ешкім бағаны түсірмек емес

Статистика бюросының дерек­теріне сүйенсек, жыл басынан бері республика бойынша 246 мыңға жуық баспана сатылған. Бұл былтырғы осы уақытпен салыс­­тырғанда 7,7 пайыз төмен. Алайда кей облыстарда көрсеткіштің ке­рісінше көбейгені байқалады. Мәселен, Маңғыстау облысында 0,8 пайыз, Атырау облысында 2,9 пайыз, Батыс Қазақстан облысында 3,2 пайыз, Қызылорда облысында тіпті 5,3 пайыз ұлғайған.

Әр үй үшін «айқас»

Ұрылар балаларды байлап тастап, үйді тонаған

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспана бағасы қанша болады?

Есесіне алты облыста сауда көлемі 10 пайыздан артық азайып кеткен. Атап айтқанда, Қостанай облысында 10,1 пайыз, Павлодар облысында 10,5 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысында 10,6 пайыз, Ақтөбе облысында 12,2 пайыз, Жамбыл облысында 12,5 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында 19,4 пайыз төмендеген. Одан бөлек, Ақмола облысында 6,5, Алматы облысында 6,0 пайыз, Қарағанды облысында 3,4 пайыз, Түркістан облысында 0,8 пайыз азайды. Үш мегаполистің ішінде астана­лық­тардың үй алу белсенділігі айтар­лықтай төмендеген. Елор­дадағы баспана саудасы 16,3 пайызға бір-ақ құлдырады. Алматы мен Шым­­кентте көрсеткіш тиісінше 3,4 және 2,6 пайыз азайды.

Өңірлердің баспана нарығы ерекшеліктеріне көз салсақ, құ­рылыс қарқынды жүрген облыс­тарда сауда да көбейіп, үй салына қоймайтын өңірлерде сауданың тоқтағанын көруге болады. Де­генмен Ұлттық экономика ми­нистр­лігінің тағы бір статис­ти­ка­сында жаңа үйлерге қарағанда қайталама нарықтағы баспана ба­ғасының айтарлықтай өскені айты­лады. Соған қарағанда жаңа үйлер­дің саудасы жақсы жүргенімен, қайталама нарықтағы үй бағасы соңғы бірер жылдағы «тым төмен» бағасын біртіндеп жаңа үйлердің құнына теңестіріп келе жатқанға ұқсайды.

Жаңа үйден гөрі қайталама нарық қызықтырақ

Жыл басынан бері жаңа үйлер 5 пайызға қымбаттады. 10 айдағы инфляцияның 7 пайыздан асқанын ескерсек, жаңа үйлер биыл қатты қымбаттады дей алмаймыз. Мә­селен, былтыр жаңа үйлердің ба­ғасы 9,3 пайыз өскен еді. Жыл сайын теңгенің құнсыздануымен жаңа үйлер ғана қымбаттап, қай­талама нарықта баға айтарлықтай өспейтін болса, пандемия кезінде «ескі» үйлердің құны 11 пайызға бір-ақ көтерілген. Оған себеп, карантинде құрылыстың тоқтағаны немесе халықтың сатып алу қа­білетінің төмендеп, қайталама нарықтағы арзан үйлерге ғана ақшаларының жеткені болуы мүмкін. Соңғы бір айдың өзінде қайталама нарық 1,5 пайыз, жаңа үйлер 0,5 пайыз өсті.

үй

Республика бойынша 11 пайыз өскен қайталама нарық ешбір облыста арзандамаған. Жаңа үйлер нарығы «отырды» деген Алматы қа­ласының өзінде баға был­тыр­ғыдан 1 пайыз қымбаттап үл­герді. Нұр-Сұлтан мен Шымкентте де баға айтарлықтай өспеген, тиісінше 4,3 және 1,8 пайыз. Петропавл, Көк­шетау, Тараз, Түркістан, Қы­зылорда қалаларында қым­бат­шылық 10 пайызға жетпейді. Қостанай, Талдықорған, Өскемен, Орал, Семей, Ақтөбе қалаларында қайталама нарықтағы үйлер 10-20 пайыз аралығында қымбаттаса, Қарағандыда 24 пайыз, Павлодарда тіпті 35 пайыз өсіп кеткен. Яғни, жаңа үйлер көптеп салынып жатқан мегаполистер мен оңтүстік және батыс өңірлердің кей облыстарында қайталама нарықтағы баға ай­тар­лықтай өспеген. Ал құрылыс қар­қыны төмен шығыс, орталық пен солтүстік өңірлерде үйдің тап­шы­лығы бағаны шарықтатып отыр.

Сұраныс бағаны емес, баға сұранысты туындатып отыр

Халықтың төлем қабілеті тө­мендеген, сұраныс азайып, тиі­сінше сауда бәсеңдегенде үй бағасының не себепті өсіп кеткенін тапшылықпен ғана түсіндіруге болады. Әйтпесе, қанша пайыз девальвация болса да, биыл құ­рылыстың өзіндік құны, Ұлттық экономика министрлігінің мә­ліметінше, тіпті 0,4 пайыз төмендеп кеткен. Сол үшін де жаңа үйлердің бағасы айтарлықтай қымбат­тамағаны. Әдетте қайталама на­рыққа қарағанда жаңа үйлер қым­баттаушы еді. Биыл жаңа үйлер инфляциямен салыстырғанда тіпті «арзандап кетті» деуге болады. Есе­сіне қайталама нарық «ең тиімді» нарыққа айналды.

Бұдан бөлек, құрылыс са­ла­сының жыл басынан бергі тоғыз айда 0,5 пайыз өсімі де баспана нарығына демеу болды. Оның дәлелі жоғарыда айтылғандай, құрылыс қарқынды жүріп жатқан қалаларда үй бағасының са­лыс­тырмалы түрде тұрақты сақ­талуы. Егер солтүстік, шығыс және ор­талықтағы қалаларда таяу жыл­дары жаңадан үй салынбайтын болса, бұл өңір республика бойын­ша үй ба­ғасы ең қымбат қалалардың біріне айналмақ.

Бауыржан МҰҚАНОВ

 
Тегтер: қымбатсолтүстіктұрғын үйүйШығыс
Алдыңғы жаңалық

Президент Бозжыра мәселесіне қатысты Үкіметке тапсырма берді

Келесі жаңалық

Петропавлда моншақтан салмағы 8 келі дастарқан тоқыды

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысы
Жаңалықтар

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды

Ақпан 26, 2021
Артур Платонов жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар

Артур Платонов жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 26, 2021
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Жаңалықтар

Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ақпан 26, 2021
жанармай
Басты жаңалықтар

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды

Ақпан 26, 15:46

Артур Платонов жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 26, 15:32

Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ақпан 26, 15:18

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді

Ақпан 26, 14:29

Ішімдікке салынып, инеге отырған ата-ананың баласына кім жауапты?

Ақпан 26, 14:15

Астана әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты

Ақпан 26, 14:11

Бір тәулікте жолда қалған 100-ден астам адам құтқарылды

Ақпан 26, 14:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы облысы

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды

Ақпан 26, 2021
Артур Платонов жаңа қызметке тағайындалды

Артур Платонов жаңа қызметке тағайындалды

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»