Қоқиқаздардың топталып жүргенін видеоға түсірген Азамат Сәрсенбаевқа айыппұл салынбайтын болды.
Видео авторына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. А. Сәрсенбаевқа айыппұл салынбайды.Кейіннен видео авторы Азамат Сәрсенбаевты «Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі айтылған болатын.