Әйгілі боксшы спарринг жекпе-жекте алған ауыр соққыдан соң көз жұмды
Әйгілі боксшы спарринг жекпе-жекте алған ауыр соққыдан соң көз жұмды

Қазір өлімнің нақты себебі зерттелуде

Австралиялық кәсіпқой боксшы Дуайт Ритчи отандасы Майкл Зерафемен болған спарринг кездесуден кейін көз жұмды.

Таңғы жаттығу кезінде ол Зерафеге Джефф Хорнмен өткізетін реваншына орай көмектесіп жатқан. Жұдырықтасу кезінде ол кеудесіне соққы тигеннен кейін дереу өз бұрышына барған, ұзамай есінен танып қалған. Дәрігерлер оның есін жиғыза алмаған.

Қазір өлімнің нақты себебі зерттелуде.

Бірінші орта салмақта бокстасатын Дуайт Ритчи осыған дейін 19 кездесу өткізіп, 2 рет жеңілген. 2 рет қарсыласын нокаутпен жеңген.

6 желтоқсан күні оның Томми Браунмен жекпе-жегі жоспарланған болатын. Оның артында үш баласы қалды.