Таразда ене мен келінді пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Таразда ене мен келінді пышақтап кеткен күдікті ұсталды
118
оқылды

Жантүршігерлік оқиғаны бірінші болып үйіне келген отағасы көрген.

Ол дереу полицияға хабарласып, дәрігерлерді шақыртқан. Алайда, қансыраған әйелінің өмірін аман сақтап қала алмады. Ал қарт анасы жансақтау бөлімінде жатыр.

Жамбыл облысы ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің маманы Бегман Құтмырзаев: «16 қарашада 102 пультіне 42 жастағы ер адам хабарласып, үйінен пышақ жарақаттарын алған анасы мен жұбайын тапқаны туралы арызданған», ­– дейді.

Тәртіп сақшылары күдіктіні бірден қолға түсіріпті. Күдікті 40 жастағы Жамбыл облысы Пригородный ауылының тұрғыны екені анықталды. Ол бұған дейін де адам өлімі мен қыз зорлау дерегі бойынша сотталған. Ер адам өзіне тағылған бар айыпты мойындапты. Ол өз әрекетін дастарқан басындағы ұрыс-керістен кейін болды деп түсіндірген. Осы жайтқа қатысты тергеу  жүргізіліп жатыр.