Ресми: Головкиннің экс-қарсыласы мен Хулио Сезар Чавес жұдырықтасатын болды
Ресми: Головкиннің экс-қарсыласы мен Хулио Сезар Чавес жұдырықтасатын болды
152
оқылды

Жекпе-жек DAZN стримингтік сервисі арқылы трансляцияланады

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) пен тағы бір экс әлем чемпионы мексикалық Хулио Сезар Чавестің (51-3-1, 33 КО) арасында өтетін жекпе-жек ресми түрде расталды.

Жекпе-жек 20 желтоқсан күнгі бокс кешінің басты кездесуі болмақ. Бұл Джейкобстың супер орта салмақтағы алғашқы кездесуі. Жекпе-жек DAZN стримингтік сервисі арқылы трансляцияланады.

«Мен бұл кездесу туралы қуана хабарлаймын. Бұл ерекше жекпе-жек осы жылды сәтті қорытындылаудың керемет мүмкіндігі болып тұр. Джейкобс Канелодан жеңілгеннен кейін супер орта салмаққа келіп отыр және оның екі салмақ категориясы бойынша чемпион атануға мүмкіндігі бар» дейді промоутер Эдди Хирн.

Джейкобс өзінің соңғы кездесуінде мексикалық Сауль «Канело» Альварестен ұпай саны бойынша жеңілген еді. Ал Чавес тамыз айында Эверта Бравоны нокаутпен жеңген.

Еске сала кетейік, Джейкобс 2017 жылы наурыз айында қазақстандық Геннадий Головкинмен де жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіліп қалған еді.