Петропавлда моншақтан салмағы 8 келі дастарқан тоқыды
Петропавлда моншақтан салмағы 8 келі дастарқан тоқыды
164
оқылды

Людмила Скоробогатова  оған 4 жыл уақыт жұмсаған. Күні-түні қолы қалт еткенде дастарқанды тоқып шыққан.

Көздің жауын алатын дастарқанға 100 мыңнан астам майда моншақ кеткен. Он саусағынан өнер тамған шебер оны атасынан қалған көне үстелге жайып қойды.

Людмила Скоробогатова: «Кейбір адамдардың бұған жүйкесі шыдамайды. Ал мен одан ләззат аламын. Жаным тынышталады. Уайым-қайғы, проблема дегенді бір сәтке ұмытып, өз-өзіммен боламын. Бірақ көзім алыстан көрмей қалды», ­– дейді.