Алматы облысында тұрғындарға айқайлаған бас дәрігердің іс-әрекеті тексерілетін болды
Алматы облысында тұрғындарға айқайлаған бас дәрігердің іс-әрекеті тексерілетін болды
5,137
оқылды

Оқиғаның видеосында кездесуге келген тұрғындардың бірі бас дәрігерге дәрімен қамтамасыз етуге байланысты сұрақ қойған.

 «Мен жақында жазбаша түрде жүгіндім, емханаңызда дәрі де жоқ, өз ақшама сатып алдым. Емханаға келгенде «дәрі жоқ» деп айтады. Ана жеті миллиард шығыс ақша қайда кетті?» ­– дейді тұрғын.

Бас дәрігер айқайлап, жұдырығымен үстелді қойып қалып, кездесу өтіп жатқан жерден шығып кетті. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиғаға байланысты пікір білдірді.

«Денсаулық сақтау басқармасы жанынан Талғар аудандық аурухананың бас дәрігері Н. Құлсейітовтің этикалық нормаларды сақтауы және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі ұстауы мәселесін қарастыруғы байланысты комиссия құрылды» делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының бас санитар дәрігері дөрекілігі үшін елден кешірім сұраған еді.