Қонаевты пір тұтқан Димаш
Қонаевты пір тұтқан Димаш

Димаш Құдайберген Instagram-дағы өз парақшасына Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың өмірлік ұстанымын үлгі тұтатынын жазған.

"Күнделікті өмірде де, жұмыста да үш қасиетке арқа сүйедім. Олар – қарапайымдылық, адалдық, табандылықү Екі нәрсені: "Ақылдан сабыр артық, теңдесі жоқ байлық – қанағат" деген шығыс даналығын жадымда ұстадым. Қандай жағдай болмасын,сабыр сақтап, мейлінше қайырымды болуға ұмтылдым" деген сөзін парақшасына жазып қойған әнші.