Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Спорт

Легионерге азаматтық берсек дейді

«Айқын» ақпарат
Қараша 18, 2020
Спорт, Жаңалықтар, Қазақстан
легионер
77
қаралым

Кейінгі кездері ел фут­болында өнер көрсететін өзге шетелдіктерге Қазақстан аза­маттығын беріп, оларды ұлт­тық құрамаға шақырту мәсе­лесі көп талқыға түсіп жүр. Ле­гион­ерлерге сенім артқан­нан осы күнге дейін оң нәтижеге қол жеткізе алдық па? Біз бү­гін осы және өзге де маңызды мәселелер жөнінде тарқатып айтпақпыз.

Жасыратыны жоқ, құрамаға легионер тарту – әлемде бар тә­жірибе. Азуын айға білеген мықты құрамалар да легионерлерге сенім артады. Атап айтқанда, Испания құрамасындағы Диего Костаның, Португалиядағы Пепенің, Ита­лиядағы Жоржиньоның есім-сойы футбол жанкүйерлеріне жақ­сы таныс. Әрқайсысы қазірдің өзін­де командаларындағы үздік футболшылардың қатарында. Мұны құрама қатарына алын­ған легионердің сол елдің ойыншы­ларынан деңгейі әлдеқайда жо­ғары болуы керек екенінің дә­лелі деп те айтуға болады. Бізде өкін­ішке қарай, олай болмай тұр. Көбіне екінші сортты, өз елдеріне қажетсіз футболшылар шақырту алады. Ал олар қазақ жастарының, ұлттық құраманың да­муына бөгет жасап отыр. Сон­дықтан легионер деген осы екен деп  жөн-жосықсыз сырттан кел­гендерді төбемізге көтере бер­мей, өзіміздің футболшыларға да мүмкіндік берген жөн.

Статистикаға сенсек, бүгін­ге дейін Қазақстан ұлттық құра­масының жейдесін 40-қа жуық легионер киіп үлгеріпті. Кейінгісі украиналық қақпашы – Дмитро Непогодов. Бұл тізімнің алдағы уа­қытта кеңейтілуі де ғажап емес.  Сандарға сөз берсек, Лео­нид Пахомовтың кезінде 9 ле­гионерге, Мирослав Беранектің ке­зінде 8 легионерге азаматтық берілген. Стойловтың кезінде де сербиялық қақпашы Ненад Эрич пен Евгений Постников ұлттық құрама жейдесін киді. Содан бері бұл үрдіс жалғасып келеді. Жал­пы, ұлттық құрамамызды жат­тықтырған бапкерлердің қай-қайсысы болмасын көз қырын «сырттан келген сырттандарға» қарай салып отырған.

Өзгелер үшін қайдам, біз үшін «көк құжат» ойыншыққа айналды. Соның арқасында бірнеше өзге ұлттың ойыншысына азаматтық ұсынылды.  Алайда құрамамызды күшейтеді-ау деп сенген сер­келеріміздің ешқайсысы се­нім үдесінен шыға алмады. Ан­дрей Сидельников, Виктор Дми­тренко, Валерий Коробкин, Ана­толий Богдановтар бер жағы ғана, Қазбек Гетериев, Юрий Аксенов, Андрей Шкурин, Александр Крохмаль, Никита Хохлов дегендер де ойнаған бір кездері Қазақстан сапында. Ресей футболының төменгі лигаларынан келген Михаил Рожков, Алексей Поповтарға да азаматтықты ойланбастан бердік. Елімізде туып, ата-аналарымен бірге Германияға көшіп кеткен неміс футболшыларын да бірнеше рет елге аттай қалап алдырдық. Олардың алды Қазақстан құра­масында ойнап үлгерді. Мысалы, ұлттық құраманы Бернд Шторк жаттықтырған тұста құрама жей­десін Сергей Каримов пен Генрих Шмидтгаль киді. Одан кейін Мирослав Беранек Константин Энгельге, Юрий Красножан мен Михал Билек Александр Меркельге мүмкіндік берді.

Қос аңызды қос үздік алмастыра ма?

Азаматтық алып берді

18 жыл бойы азаматтық ала алмай келген көпбалалы ана

Ұлттық құрама жеңілістен көз ашпаған соң сырттан шабуылшы іздеп шарқ ұрдық. Бұл өзекті мәселеміздің біріне айналды. Сол себепті бір кездері «Қазақстан сапына Гоу мен Исаэльді де шақыру керек» деп шуластық. Ал Жерар Гоудың агенті ресейлік Сергей Новиковтің отандық ақпарат құралдарына берген сұхбатында: «Футболшының өзі Қазақстан құрамасында ойнауға қарсы емес. Гоу – Қазақстанды екінші отаны санайды» деген пікірін білдірді. Футболшының өзі де: «Федерация ұсыныс жасаса дайынмын» деген болатын. Алай­да ивуарлық шабуылшы ел­ден кеткен соң өзге клубтарда жарытып ойнай алған жоқ. Кейін ел футболының басындағылар бұл ойынан айнып, шабуылшыны өзімізден іздеуді жөн санады. Оған да шүкір дестік.

Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан бұдан бы­лай легионерлерді құрамаға ша­қыртуды тоқтату керек екенін ай­тып отыр.

– Мен федерацияның бұл бас­тамасын құптамаймын. Құ­ра­маға легионерлердің түкке де керегі жоқ. Олар мықты бол­са, өз елдерінің ұлттық құ­ра­маларында ойнамай ма?! Де­мек, бізге ойнатқысы келетін фут­бол­шыларының дені өз елдерінде мүлдем есепке алынбайтын ойын­­­шылар. Бір сөзбен айтқанда, фе­­­дерацияның ұлттық құрамаға ле­гионерлер тарту саясатына Қа­зақ­стан футболшыларына жаса­ған қиянаты деп баға беремін. Шеттен келімсектер шақыртудың қажеті шамалы, – дейді спорт ком­ментаторы.

Спорт шолушысы Нұржан Туған­бай да келімсектерге жұмса­ған ақшаға балалар футболын дамытқан жөн деп санайды.

– Ұлттық құрамаға сырттан легионер шақырту мүлдем қажет емес. Ел спортының жанкүйері, спорт жанашыры ретінде бұл үрдіске қарсымын. Ұлттық құ­ра­ма деп аталғаннан кейін ол жер­де өзіміздің қаракөздеріміз ойнауы қажет. Сырттан келген келімсектердің құрамаға жаны ашымайды. Олардың көздегені тек ақша ғана. Сондықтан барын салып ойнамайды. Керісінше, біз легионерлерге жұмсайтын қаржыны балалар футболына салуымыз керек. Келімсектер келеді, кетеді. Түбінде қалатын өзіміздің футболшыларымыз. Сон­дықтан қазақ жастарын фут­болға баулып, әр өңірден футбол академияларын ашқан әлдеқайда дұрыс шешім, – деді ол.

Расымен, өзіміздің қаракөз­деріміз тұрғанда шеттен легионер ша­қырту ақылға қонымсыз қа­дам. Отандық футболшыларға сен­бесек, олардың жаттығуына, ой­науына жағдай жасамасақ, құраманы не үшін құрдық деген ой келеді. Ұлттық құрамада әр­қашан ел намысын қорғай алатын жігерлі футболшылар ойнағанын қалаймыз. Тек олар өзінің шын мәнінде мықты екенін дәлелдесе дейсің.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ

 
Тегтер: азаматтықҚазақстан азаматтығылегионерфудболшетелдіктер
Алдыңғы жаңалық

Нұр-Сұлтанда бес көлік соқтығысып, бір адам жарақат алды

Келесі жаңалық

«Nur Otan»: Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың есебін тыңдады

Ұқсас жаңалықтар

сабақ
Жаңалықтар

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға порно қосылып кеткен

Наурыз 7, 2021
12
Қазақстан

12 жастағы қазақстандық ерекше дауысымен ресейліктерді таңдандырды (видео)

Наурыз 7, 2021
Жаңалықтар

Қазақстан боксшылары халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Наурыз 7, 2021
Димаш
Жаңалықтар

Димаш Құдайберген «Қазақстанның жыл әртісі» номинациясын жеңіп алды

Наурыз 7, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға порно қосылып кеткен

Наурыз 7, 10:15

12 жастағы қазақстандық ерекше дауысымен ресейліктерді таңдандырды (видео)

Наурыз 7, 09:47

Қазақстан боксшылары халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

Наурыз 7, 09:19

Димаш Құдайберген «Қазақстанның жыл әртісі» номинациясын жеңіп алды

Наурыз 7, 00:05

Нұр-Сұлтанда 2000 мыңнан астам отбасыға азық-түлік таратылады

Наурыз 6, 22:44

Ақтауда тіс емханасына белгісіз біреу пышақпен баса көктеп кірген

Наурыз 6, 22:02

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

Наурыз 6, 20:57
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

сабақ

Өскеменде сабақ кезінде оқушыларға порно қосылып кеткен

Наурыз 7, 2021
12

12 жастағы қазақстандық ерекше дауысымен ресейліктерді таңдандырды (видео)

Наурыз 7, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»