Сыр өңірінде хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» тақырыбында қазақ ұлтының адамгершілік-этикалық болмысы жайлы жас ақындар арасында онлайн мүшәйра өткізілді.
Мүшәйраға аймақтың жоғары, арнаулы оқу орындарының білім алушыларымен қатар, мектеп оқушылары да қатысты. Мүшәйра қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды. Бас жүлдеге Шернияз Жалғасбекұлы, I орынға Ердәулет Қалиев, II орынға Ақниет Өмірзақ, III орынға Айсұлтан Әшірбай лайық деп танылса, Арайлым Тұрымова «Жалын» номинациясын жеңіп алды. Мүшәйраға қатысқан жас ақындардың шығармашылығын белгілі ақындар Назгүл Бердіқожа, Мақсат Дауылбай және облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Талғат Оспанұлы сарапқа салды. Сондай-ақ 16 қазан-10 қараша аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жас зерттеушілердің «Біздің отбасының құнды жәдігерлері» тақырыбындағы облыстық online жоба жазу сайысы өткізілді. Сайыс екі кезеңмен өтті. Бірінші іріктеу кезеңге барлығы 114 жоба келіп түсті. 2020 жылғы 11 қараша күні әділқазылар алқасы іріктеу турын өткізіп, қорытынды кезеңге 17 оқушының жұмысы өтті. 13 қараша күні ZOOM платформасы арқылы сайыстың қорытынды кезеңі өткізілді. Қорытынды кезеңге 17 оқушы қатысып, 15 оқушы жүлделі орындарға (Бас жүлде – 2, І орын – 4, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 5) ие болса, 21 оқушы әртүрлі номинацияларға, 51 оқушы алғысхатқа ие болды.Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы