Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Пандемиядан кейінгі өңір

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қа­зақстан университетінде он­лайн платформада «Бей­біт­шілік пен даму үшін» дүние­жүзілік ғылым күніне орайлас­тырылған «Өндірістік техно­логия­лар және инжи­ниринг- ICITE-2020» VII ха­лық­аралық конференциясы өтті.

«Айқын» ақпарат
Қараша 18, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
пандемия
28
қаралым

Онлайн конференцияға әлем­нің 123 елінен қатысқан ға­лымдар биыл COVID-19 пан­демиясы жағ­дайындағы индус­триялық тех­нологиялар мен инжи­нир­инг саласындағы жаһан­дық мә­селелерге назар аударды.

Жиынды ашып, жүргізіп отыр­ған Ұлттық ғылым ака­демиясының академигі, уни­верситет ректоры Дария Қожам­жарова осынау конференцияға елімізде алғаш рет Нобель сый­лығының лауреаттары – әлем­дік ғылымның жұлдыздары, Үкі­мет пен бизнес қауымдастық өкіл­дері, сондай-ақ шетелдік және отандық жоғары оқу орын­дарының профессорлары мен оқытушылары қатысып отыр­ғанын жеткізді. «Конференция өндірістік технологиялар мен инжиниринг» тақырыбында ха­лық­аралық деңгейде өтіп жа­тыр. Жалпы, пандемия біздің ал­дымызға көп сұрақ қойды. Осы­нау кезеңде адам баласының жаңа технологияларға  көзқарасы, оны дамыту мәселелері, жаңа тех­нологиялар мен өндірістің ара­сындағы қарым-қатынас, адам капиталының дамуы мен адам­ның денсаулығы деген өте үлкен ауқымды, маңызды сұ­рақтар алдымыздан шықты. Оның шешілу мәселесі де ғылым­ға байланысты деп отырмыз. Жыл сайын өтіп жүрген осы­нау конференцияның бұл жол­ғы тақырыбында адам ден­сау­лығына, биотехникаға, фар­­ма­цевтикаға басым бағыт бер­дік. 7 Нобель сыйлығының  ие­гері конференцияда түрлі та­қырып бойынша өздерінің баян­дамаларын ұсынды. Бұған қа­зақстандық 30 университеттің ға­лымдары қызығушылық таны­тып отыр. Бұл жиыннан күтетін жаңалығымыз көп», – деді Дария Пернешқызы.

Бүгінгі күні ғылыми-зерттеу­лер жүргізуде коллаборациялар, серіктестік қатынастар өте маңызды. Әлемдік сарап­шы­лармен кездесу де әрқашан өзек­тілігін жоймайды. Әсіресе, қазір COVID-19 пандемиясында әлемде маңызды өзгерістер болып жатыр. Екі күнге созылған конференция аясында Нобель сыйлығының лауреаттары, Үкі­мет, отандық және шетелдік компаниялар мен ұйымдар өкіл­дерінің қатысуымен ғылыми сес­сия болды. «Пандемиядан кейін­гі кезеңдегі тұрақты даму: Шымкенттің бәсекеге қа­білет­тілігін арттыруға арналған сын-қатерлер мен ұсыныстар», «Фар­мацевтикалық компаниялар ха­лықтың өмірін сақтап қалуға көмектесе ме?», «Экономиканың қан­дай секторларын басым­дыққа айналдыру қажет?», «Тех­нологияларды, инновацияларды және адами капиталды дамы­ту мәселелері бойынша Орта­лық Азия сұхбаты» сынды тақырып­тарға шетелдік және еліміздің жоғары оқу орындарынан 300-ден астам ғылыми баяндамалар мен мақалалар келіп түскен.

Білім және ғылым вице-ми­нистрі Мирас Дәуленов, Еу­ропалық Сауда академиясының президенті Бернд Халлиер және сингапурлық Ling Invest Capital директоры Бенни Энджи құт­тықтау сөз сөйлеп, М.Әуезов уни­верситетімен қарым-қатынасы төңірегінде айтып өтті. Одан бөлек, Шымкент қаласы әкім­інің орынбасары Айбек Сәт­тібаев үшінші мегаполистің ин­вестициялары мен жаңа жа­сыл жобалар үшін бизнес кли­маты туралы хабарлады. «Ал шымкенттік бірқатар ірі кә­сіп­орын өкілдері пандемия ке­зіндегі дәрі-дәрмекті жеткізу, фар­миндустрияны дамыту, ка­рантин кезеңінде әлеуметтік және медициналық саланы да­мыту бойынша ұсыныстары мен атқарып жатқан жұмыстары жө­нінде мәлім етті.

Мәслихат хатшысы сайланды

Қайыр сұрайтындарға айыппұл салынады

Шымкент «жұлдыздарды» жинайды

Айта кетейік, М.Әуезов атын­­дағы университет – елі­міз­дің әлемдегі ТОП-500 уни­верситетінің қатарына кіретін көп­салалы ірі жоғары оқу орын­дарының бірі. Қазақстан тәуел­сіздік жылдарында мемлекеттің ағарту және инновациялық даму идеяларына қызмет еткен жоғары білім беру флагмандарының бірі болды.

Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы

 
Тегтер: Covid-19конференцияөңірпандемияШымкент
Алдыңғы жаңалық

Қонақүй салу үшін басқа жер таңдалады ­– Бозжыра проблемасы

Келесі жаңалық

Көпқабатты үйдегі өрттен зардап шеккендер ауруханада жатыр

Ұқсас жаңалықтар

Pfizer
Жаңалықтар

Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды

Қаңтар 16, 2021
Ұлттар кубогі
Жаңалықтар

«Ұлттар кубогі»: Ләззат Күнгейбай ресейлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Қаңтар 16, 2021
бассейн
Жаңалықтар

Бассейннен 21 жастағы қыздың денесі табылды

Қаңтар 16, 2021
банк
Жаңалықтар

Петропавл тұрғыны «банк қызметкерімін» деп қоңырау шалған әйелге сеніп, миллион теңгесін аударып жіберді

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды

Қаңтар 16, 17:07

«Ұлттар кубогі»: Ләззат Күнгейбай ресейлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Қаңтар 16, 16:41

Бассейннен 21 жастағы қыздың денесі табылды

Қаңтар 16, 15:59

Петропавл тұрғыны «банк қызметкерімін» деп қоңырау шалған әйелге сеніп, миллион теңгесін аударып жіберді

Қаңтар 16, 15:15

Карантин 1 ақпанға дейін ұзартылды

Қаңтар 16, 14:46

QI-Trade Kazakhstan қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды

Қаңтар 16, 14:25

Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 16, 13:42
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Pfizer

Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды

Қаңтар 16, 2021
Ұлттар кубогі

«Ұлттар кубогі»: Ләззат Күнгейбай ресейлік қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»