Бір күнде 70-тен астам көлік оқиғасы болған
Бір күнде 70-тен астам көлік оқиғасы болған
148
оқылды

Ауа райының қолайсыздығынан Нұр-Сұлтан қаласында бір тәулікте 70-тен астам көлік оқиғасы тіркелді.

Бір тәулік ішінде елорда жолдарында 70-тен астам жол көлік оқиғалары тіркеліп, 1 адам дене жарақатын алған. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге ескерту жасады.

 «Тұрғындарды автокөліктерін жол жиегіне қоймауды сұраймыз. Жол жиегіне қойылған көлік қар тазалайтын техниканың жұмысына кедергі келтіреді», - деді. 
Ал белгіленбеген орындарға қойылған көлік құралдары эвакуаторлардың көмегімен айыппұл тұрағына жеткізілмек. 

«Жүргізушілер жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауына, жол белгілерінің нұсқамаларын орындауына және шұғыл әрекеттер жасамауына, қыс мезгілінде тозған және «жазғы» резеңкеде жүрмеуіне ерекше назар аударулары қажет», - деді ведомстводан.