Байғабылов «Семей – Нұр-Сұлтан» пойызындағы саудагерлерге қатысты пікір білдірді
Байғабылов «Семей – Нұр-Сұлтан» пойызындағы саудагерлерге қатысты пікір білдірді

Семей қаласының тұрғыны жолаушылардан ПТР анықтаманы талап ететінін, бірақ пойыз вагондарына саудагерлердің емін-еркін кіріп-шығып жүргеніне шағымданды.

­­«COVID-19-ға қойылатын шектеулі карантиндік шараларды ескере отырып, теміржолда өздігінен сауда жасауға тыйым салынғанын ескеру қажет. Сондай-ақ, қосымша шектеулерге сәйкес, Шығыс Қазақстаннан Қазақстанның басқа аймақтарына қатынайтын пойыздарға ПТР-анықтамасыз отыруға болмайды», ­­– деді Байғабылов.

Құқықбұзушылық фактісі бойынша пойыз бастығы мен жолсерік әкімшілік жауапқа тартылады.